Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 466,15 теңгені құрап, 1,39 теңгеге өсті.
ҚР Ұлттық Банкі долларының ресми бағамы 16 наурызға 464,79 теңгеге тең.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 461,93 теңгеге, сату – 467,02 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 462,02 теңгеден сатып алынуға болса, бір АҚШ валютасы 465,42 теңгеден сатылып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,83 теңгеге, 14 наурызда – 1,77 теңгеге, 13 наурызда – 9,65 теңгеге, 10 наурызда – 4,82 теңгеге, 9 наурызда – 2,59 теңгеге, 7 наурызда – 5,14 теңгеге, 6 наурызда – 1,77 теңгеге өсті, 3 наурызда 4,45 теңгеге, 2 наурызда 5,98 теңгеге, 1 наурызда 3,55 теңгеге төмендеді.