Байлар үшін салық мөлшері көбейетін болады
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатында жаңа Салық кодексіндегі «сән-салтанат» салығы жайлы айтты.
«Сән-салтанат» заттарына қосымша акциздеу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құнының 10% мөлшерінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер енгізу ұсынылады. Мүлікке салық салудың келесі тәсілдері ұсынылады. Біріншіден, яхталарға, жеке ұшақтарға салық мөлшерлемелерін арттыру. Екіншіден, барлық ЖТ объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК шегінен асқан жағдайда салықтың жоғары мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады»,- деді ол.
Министр атағандай, қымбат жылжымайтын мүлік объектілері үшін «сән-салтанат коэффициентін» белгілеу бойынша ЖАО құзыретін белгілеу ұсынылады.