Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Халықтың банктерге қарызы 9,2 трлн теңгеге жетті

Азамат Ахметов
ҚазТАГ

Мұның бәрі қаржылық сауатсыздықтан дейді Әлихан Смайылов

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту іс-шаралары жайлы айтты.

«Халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып барады. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша   банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі 9,2 трлн теңгені құраған. Бұл орайда бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері   шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша   1 млн теңгені құрайды», - деді Смайылов.

Ол атағандай, кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады.

«Осылайша, шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Ал банк кредит беруден бас тартқан жағдайда олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Осылайша, адамдар қаржылық сауатсыздықтың кесірінен жағдайларын қиындата береді. Бұл мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды»,- деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың кредитт бойынша проблемалық берешектерін реттеуде   және жұмысқа орналасуда консультациялық көмек беруге бағытталған.

Сізге қызықты болады