Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Халық нан, макарон, ет алу алу үшін кредит алуға мәжбүр – депутат

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедей ретінде тіркелген

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров кедейлердің мүддесін қорғау мәселесін көтерді.

«Бюджетте кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған. Қазір елімізде 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелген. Жоқшылықтың өтіп кеткені соншалықты, адамдар нан, макарон, ет алу алу үшін кредит алуға мәжбүр. Бүгін бюджетте жағдайы нашар азаматтар үшін 12,4 млрд теңге грантқа берілген. Барлығы 9 мың грант қана. 9 мың грантпен кімнің жамауын жамаймыз? Байлардың әсіре баюы, бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті. Бұл тенденция қазір жалғасып жатыр. Сондықтан кедейшіліктен зардап шегіп отырған адамдарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бизнес дағды қалыптастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу өте маңызды. Міне, осы мәселе бюджетте қарастырылмаған», - деді ол.

Депутат атағандай, халықтың өмір сапасын арттыру керегін айтты.

«Үкімет жанынан кедейшілкке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясын құрып, бюджеттің халықты жаппай кедейлік проблемасын шешуге бұру қажет. Бұл мәселе Тамара Қасымқызына айтылған. Бірақ шешім әлі жоқ. Комиссия қашан құрылады? Кедей азаматтардың мүддесін қашан қорғаймыз? Әлде істің насырға шапқанын күтеміз бе?», - деді Ерлан Саиров.

Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл мәселенің шешімі бар екенін айтты.

«Біз Үкімет жанынан халықтың табысын арттыру бойынша жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамсына ҰЭМ, АШМ,  «AMANAT» партиясының депутаттары мен мемлоекеттік орган мүшелері кірді. Осы орталық офис негізінде 2228 ауылдық жағдайын қарап шықтық. Кедейлік деңгейі мен жұмыспен қамту сараланды. Қазір сол материалдар келіп түсті. Орталық офис оны нақтылап жатыр. Айдың соңына қарай өздеріңіз бен мәслихат депутттардың қатысуымен нақты талқылаймыз», - деді Дүйсенова.

Сізге қызықты болады