Қосымша құн салығының ставкасы көтерілмейді – Бектенов

Азамат Ахметов

Былтыр Қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармаған

primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ҚҚС-тің ставкасы көтерілмейтінін айтты. 

«Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы былтыр Қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармағанын атап өтті. Сонымен қатар, шұғыл шығындарды қаржыландыру үшін бюджетке 2024-ші жылғы төлемдермен аванс берілген. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдарынан болған, 2023 жылы түсуге тиіс болған кірістер жоспары асыра бағаланды», - деді Бектенов.

Ол атағандай, мұндай тәжірибе қайталанбауға тиіс.

«Маңызды мәселе. Мемелекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы яғни ҚҚС-тің ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін табуымыз керек», - деді ол.