Қор нарығында доллар арзандады

Азамат Ахметов
Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 446,56 теңгеге жетіп, тағы 0,21 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Qonaev.info.

ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын 446,78, еуроны 481,81 теңгеге, ал рубльді – 4,84 теңгеге белгіледі.

Қытайда мереке күніне байланысты юань бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Қазір айырбастау пункттерінде долларды 447,5-448,8 теңгеден, еуроны – 482,5-486 теңгеден, ресей рублін – 4,74-4,84 теңгеден саудаланып жатыр.