Қазақстанда жаңа екі министрлік пайда болады

Азамат Ахметов

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады

Елімізде Су ресурстары министрлігі және Көлік министрлігі пайда болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтты.

Мемлекет басшысы елімізде су проблемасы жылда ушығып бара жатқанын айта отырып, осы саланы реттейтін арнайы ведомство керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, көлік-логистика саласында да шешімін күткен мәселе детерлік деді Президент.