Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Путин мен Ресейдің соғысын қолдаған»: Азамат Мусагалиевтің Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

Азамат Ахметов

Қазақ қоғамы аталған концертке қарсы петиция жариялаған

Ресейлік «Камызяки» КВН командасының Қазақстанда жоспарлаған концерт өтпейтін болды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар өзінің Instagram–парақшасында жазды.

«Қоғамда «Камызяки» ұжымының артистеріне қарсы кереғар пікір қалыптасқандықтан Қазақстан аумағына жоспарлаған барлық концертіміздің болмайтынын хабарлаймыз», - делінген аталған хабарламада.

Ал, билеттерді алдын ала сатып алғандар ұйымдастырушыларға хабарласып, ақшасын кері қайтара алады.

Еске салайық, «Камызяки» КВН командасының артистері Азамат Мусагалиев пен Денис Дорохов өткен аптада соғыс болып жатқан ДНР-ге барып, Ресей әскерилеріне қолдау көрсетіп қайтқан еді. Этникалық қазақ А.Мусагалиев Путиннің Украинаны жаулап алу саясатын қолдайтынын да жасырмаған.

Олардың осы әрекетінен кейін қазақстандық қоғамда резонанс туындап, «Камызяки» тобының қойылымдарын өткізу қарсы петиция жарияланды.

Сізге қызықты болады