Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Олар дінді пайдаланып мемлекетті басып алмақ – Ринат Зайытов

Азамат Ахметов

Депутат діннің артында арандатушылардың тұрғанына сенімді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Abay Live» YouTube-каналына берген сұхбатында діни ағымдар арқылы мемлекетті басып алғысы келетін топ жайлы айтты.

Есте болса, депутаттың бірнеше күн бұрын жарияланған сұхбатында «алаяқтардың 80 пайызы намазхан болады» деген пікірі енді қызу талқыға түсіп жатыр. Өзінің айтуынша, белгілі бір топ елді арандату үшін дінді пайдаланып, қоғамда қасақана резонанс тудырып жатыр.

«Түрлі діни ұстанымдағы танымал адамдар бар. Олар әлеуметтік желіде күнде дауласады, әңгіме айтады. Бірақ неге менің айналамдағы әңгімені осыған бұрғысы келді? Қазір діншіл адамдарды мемлекетке қарсы қолдану керек болып жатыр. Хиджабтан басталып маған ұласты. Бұл онымен тоқтамайды. Қазір оның алдын алмаса, мемлекет болып шешім шығармаса мұнымен тоқтамайды. Ринат намаз оқитындарға қарсы деп шулатып жатыр. Олар мені бұл тақырыптан алыстатпауы керек. Қоғамды екіге бөліп, халықты билікке қарсы шығарып отыр», - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, ол топ нақты бір діни ағым ұстанбайды, олар бүкіл ағымдарды өз мақсатында пайдаланады екен.

«Бізде билікті алғысы келетін топ бар. Олардың ағымы маңызды емес. Кез келген ағымда болуы мүмкін. Діни ағымдар тек олардың құралы ғана. Бұл шу тудыруға дайындап отырған қадамдар. Мен бұл мәселеге араласпаймын. Жауап бермеймін. Менің өзіме жүктелетін нақты міндеттерім бар», - деді Ринат Зайытов.

Сізге қызықты болады