Путин Қазақстанға келмекші

Азамат Ахметов

Ақорда бұл жайлы әлі хабарламады

Tengrinews.kz

Ресей президенті Владимир Путин осы аптада Қазақстанға келеді. 

«Россия 1» (ВГТРК) телеарнасының «Мәскеу. Кремль. Путин» бағдарламасының авторы Павел Зарубин өзінің телеграм-каналында осылай деп мәлімдеді.  

Ресей президентінің осы аптадағы жұмыс кестесі жарияланды. 

Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазанда Мәскеуде Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитінің ашылу салтанатында кездескен еді. Енді Астанада олардың не талқылайтыны әзірге белгісіз.