Ресей Президентіне халықаралы сот іздеу жариялаған
Ресей басшысы Владимир Путин Ақордаға келді. Екі президент Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысады.
Ақорда резиденциясында Ресей Республикасының президенті Владимир Путинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің Әнұраны орындалды.
Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда көлемі $27 млрд. (экспорт – $9,1 млрд., импорт – $17,9 млрд.) құрады, бұл - Қазақстанның жалпы тауар айналымының 20%-ы (19,9%). Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі $17 млрд. болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1% жоғары.