Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салуға қатысады

Азамат Ахметов
Akorda.kz

Екі ел арасында сауда ынтымақтастығы, әуе қатынасы дамиды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында елімізде жылу электр станцияларын салц мәселесін көтерді.

«Екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту бағытын талқылау мақсатында Алексей Оверчук екеуміз 31 қазанда Үкіметаралық комиссияның отырысын өткіздік. Бірқатар мәселелер қаралды. Мысалы, Ресейден ағаш экспорты мәселесі бар. Жыл соңына дейін Қазақстан-Ресей шекарасында ағаш материалдарын елімізге әкелу үшін қосымша ТЖ өткізу пункттерін ашу пысықталатын болады»,- деді Жұманғарин.

Ол атағандай, қазақстандық темір кені шикізатының ай сайынғы транзитін қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктер қаралады.

«Ресей тарапының Қазақстандағы үш ЖЭО жобаларын іске асыруға қатысуы бойынша тиісті құжатқа бүгін қол қойылады. Елдер арасындағы әуе қатынасын кеңейтетін боламыз. Атап айтқанда, Новосибирск және Челябинск қалаларына QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын көбейту келісілді»,- деді Серік Жұманғарин.

Теги:
Сізге қызықты болады