Шетелге кеткен 270 түлек елге сол күйі оралмаған
Сенатор Андрей Лукин депутаттық сауалында «Болашақ» бағдарламасына бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты.
Депутат алдымен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысын сынады.
Оның айтуынша, орталықтың жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмауынан және Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан тиісті үйлестірудің болмауынан шетелде кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға бөлінген қаражат тиімсіз игерілген.
Андрей Лукин мемлекетке 6,6 млрд теңге сомасындағы берешегі бар студенттер жайлы деректі мысалға келтірді.
«Жоғарыда аталған деректер оқытудың мақсатсыз тұстарын көрсетіп отыр. Шетелде алған білімі мен мамандығын елімізде пайдаланып жатқан жоқ. Бұл жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналды, 270 түлек шетелде қалды. Сонымен қатар, жоба оқу туризміне айналған. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажетіне сәйкес шетелде мамандар даярлауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Бұған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік тарапынан тиісті үйлестірудің жоқтығы себеп болып тұр», - деп сөзін түйіндеді сенатор.