Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тоқаев Болат Назарбаевтың жаназасына бармайды

Азамат Ахметов
РБК

Ал, Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-ден оралды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың қайтыс болуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтар әулетіне көңіл айтты деп жазады ҚазТАГ.

Алайда, мемлекет басшысы Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне қатыспайды.

«Мемлекет басшысы бірінші-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды», - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ал, Нұрсұлтан Назарбаев болса інісі ауыр халмен ауруханаға түскенде Біріккен Араб әмірліктерінен елге оралыпты.

Еске салайық, бүгін таңда Болат Назарбаевтың көз жұмғанын бірнеше БАҚ жариялады. Артынша Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы болған Айдос Үкібай бұл ақпаратты растады.

Сізге қызықты болады