Ал, басқа шенеуніктердің балаларын әскерге міндеттеп апару қажет емес дейді ол
Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өз баласын әскерге жетектеп апаратынын айтты.
«Қазір оның жасы жиырмада – студент. Оқуын тәмамдаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Алайда, арнайы құрылымдарға барғаны абзал», - деді Жақсылықов.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында министр лауазымды тұлғалардың балаларын әскерке міндеттеу бойынша бөлек норма қажет емес екенін айтқан еді. Оның айтуынша, заң барлығына бірдей, ортақ.