Үндістанның шығыс аймағындағы Мизорам штатында салынып жатқан теміржол көпірі опырылып, 17 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға Аиджал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымдай қашықта болған.
«17 адамның мәйіті табылды, Із-түссіз жоғалып кеткен адамдар көп», - деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, көпір опырылған кезде құрылыс алаңында 35-40 адам болған. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың отбасына көңіл айта келе, Ұлттық көмек қорынан оларға 200 мың рупий және зардап шеккендерге 50 000 рупий бөлуді тапсырды.