Құрбандар саны 20 мыңға жетуі мүмкін
Ливияның солтүстік-шығыс аймақтарында болған толассыз жаңбыр мен су тасқынынан көз жұмғандар саны 8 мыңнан асты.
Бұл жайында Al Arabiya телеарнасы елдің Өкілдер палатасының (парламент) кеңесшісіне сілтеме жасап хабарлады.
«Ливияның солтүстік-шығысындағы табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты. Өкілдер палатасы кеңесшісінің мәліметіне сүйенсек, із-түзсіз жоғалғандар саны бүгінде 10 мыңнан асып кеткен», - делінген хабарламада.
Ливияның басқа елдімекендеріне қарағанда, табиғи апаттан көбірек зардап шеккен Дерна қаласының муниципалитет басшысы мәлім еткендей, қала билігі аймақтағы жаңбыр мен су тасқынынан құрбан болғандар саны 20-ға жетуі мүмкін.