Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Nur Otan» сайлауалды уәделерін әрдайым жүзеге асыратын нақты істер партиясы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

Азамат Ахметов
Каспийский вестник

25 шілдеде елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын

Қазақстандық саясаттанушы, халықаралық журналист Эдуард Полетаев әкімдер сайлауының маңыздылығы, «Nur Otan» жеңісінің басты себебі туралы өзінің ойларымен бөлісті.

Оның айтуынша, «Nur Otan» өзінің барлық сайлауалды уәделерін әрдайым жүзеге асыратын нақты істер партиясы екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Аудандар мен қалалар тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып жасалған партияның сайлауалды бағдарламасы ауқымды, нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы болып табылады.

Соңғы парламенттік сайлаудағы жеңісінен кейін «Nur Otan» кідіріссіз бірден осы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға кірісіп кетті.

«Өткен жарты жыл ішінде партия өзінің аймақтық деңгейдегі сайлауалды уәделерінің 5%-ін жүзеге асырды. Бұдан басқа, 3,3 мың күрделі әлеуметтік мәселелер қаралды, қоғамдық кеңестер шеңберінде 250-ден астам нақты ұсынымдар әзірленді. Билеуші партия ұстанатын «нақты істер» қағидаты ауыл үшін басты мәнге ие болып отыр», - деп түйіндеді ойын Полетаев.

Айта кетсек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін алғашқы тікелей сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының кандидаттары және өзін-өзі ұсынушы партия мүшелері елді-мекендердің 86%-дан астамында жеңіске жетті. Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, партияның 627 кандидаты әкім болып сайланды, оның ішінде 65-і – өзін-өзі ұсынушы нұротандықтар.

Теги:
Сізге қызықты болады