Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында өзен жанынан бөлшектелген адам денесі табылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында полиция қызметкерлері адам өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 21 маусымында бөлшектенген адам денесі Атбасар ауданы аумағындағы Жабай өзенінің бөгетінен табылған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша бір тәулік ішінде марқұмның жеке басы анықталып, оны өлтірген күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ПД хабарламасында.

Полиция қызметкерлері адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.

Сізге қызықты болады