Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйел адамды қағып өлтірді

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. 

Оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойында болған. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Әйелді қағып өлтірген полиция қызметкері уақытша ұстау абақтысына жабылды.
 

Сізге қызықты болады