Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды

Азамат Ахметов

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды.

Осы жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 05:53-те Көкшетау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында автобус аялдамасына соқтығысқан Mercedes автокөлігінің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіру барысында көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды.

Полиция басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталып жатыр.

Сізге қызықты болады