Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Екібастұзда кәмелетке толмаған қызды азғындау фактісі бойынша тергеу басталды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда кәмелетке толмаған қызды азғындау фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды qonaev.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға жайлы ақпарат тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек қорының президенті Дина Таңсәрінің Instagram парақшасында пайда болды.

«Менің құрбым Павлодар облысында тұрады. 17 қазанда 12 жасар қызы жыныстық зорлық-зомбылық тақырыбындағы сынып сағатынан кейін анасына өгей әкесі тиіскенін айтқан. Бұл оқиға шамамен 1,5-2 жыл бұрын болған», - деп жазылған постта.

Дина Таңсәрінің айтуынша, бала екі жыл бойы жазадан қорқып, «әкесінің» оған жасаған іс-әрекетін анасына қалай айтарын білмеген. Отбасында екі қыз бар. Болған жайды білген қыздың анасы күйеуін қуып жіберген. Ер адам бәрін жоққа шығарып, әйелін жала жапты деп айыптап, полицияға арызданған.

«Күйеуі әлі күнге дейін оның артынан аңдуды жалғастыруда. Кішкентай қызын алып кетпек болып, балабақшада күтіп тұрады. Бауырын қорқытып хабарласқан. Бұл істі жария етіп, жұртшылыққа бейне үндеу жазған», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Полицейлер қыздың анасына берген қорғау нұсқауының мерзімі 28 қарашада аяқталады. Қор президенті ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ павлодарлық полиция қызметкерлеріне істі бақылауға алуды сұрады.

Облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Екібастұз қаласы тұрғынының арызы бойынша 24 қазанда ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайтқа қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомствода.

Полицейлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етпейді.

Сізге қызықты болады