Air Astana президенті бір жылда 400 млн теңгеге жуық жалақы алған

Азамат Ахметов

Air Astana компаниясының 51% "Самұрық Қазынаға" тиесілі

Tengrinews.kz

Air Astana әуе компаниясының президенті - басқарма төрағасы Питер Фостер былтыр 394 млн теңге жалақы алған. Бұл туралы FINANCEkaz телеграм-каналы жазды.

Дереккөз мәліметінше, Air Astana былтыр өзінің басқарма мүшелеріне 394 млн теңге төлеген. Бір қызығы, компанияның басқармасында небәрі бір-ақ адам тіркелген, ол Питер Фостердің өзі. Егер бұл табысты 12 айға бөлсек, компания президентінің айлығы 32,8 мле теңгені құрайды.

Ал, 2021 жылы Фостер 308 млн теңге жалақы алған екен.

Айта кету керек, көрсетілген соманың ішіне басқарма төрағасының жалақысы, сыйақысы және өзге де бонустық төлемдері кіреді.

Теги: