Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда дауыл: ТЖД қызметі күшейтілген режимге көшті

Азамат Ахметов
фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда ауа-райына байланысты азаматтық қорғау қызметтері, мердігерлік ұйымдар дайындыққа келтірілді, деп хабарлайды Qonaev.info.

ТЖД күштері мен құралдары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылып, жоғары дайындық деңгейіне келтіріліп, жедел топ жұмысы құрылды.

Ведомствоның мәліметінше, 29 наурызда да Алматы тауларында қатты жауын-шашын, нөсер жаңбыр жауады. Жел Батыстан соғып, найзағай кезінде желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

« Қала қонақтары мен туристеріне жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды және тауға шығудан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз. Сақ болыңыздар! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар! Дауыл кезінде қатты жауын-шашын немесе қатты жел туралы ескерту болса, тауда серуендеуді ауа райы қолайлы болғанша кейінге қалдырған дұрыс» , – делінген ТЖД хабарламасында.

Сізге қызықты болады