Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкентте ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін бассейнге түсіп кетті

Азамат Ахметов

Өткен демалыс күндері Шымкентте екі бала ажал аузынан қалды. Қазіргі кезде екі бала да дәрігерлердің бақылауында жатыр, алайда біреуінің жағдайы ауыр.

Оtyrar.kz порталының жазуынша, 23 шілдеде Абай ауданы Сығанақ көшесінің бойында Қызылжар тұрғын алабында қайғылы оқиға болды. Ересектердің қарауынсыз қалған, 2019 жылы туған бала ауладағы тереңдігі 1,4 метрлік бассейнге құлап кеткен.

Бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда оның жағдайы ауыр, аспирациялық синдром және бас миының ісінуі анықталды. Бала комада жатыр.

Екінші оқиға туралы хабарлама жедел жәрдем қызметінен 24 шілдеде сағат 00:05-те түскен. Абай ауданында Мейрімді көшесінің бойындағы «Самал-3» ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы бала септикке құлап кеткен.

Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
 

Сізге қызықты болады