Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ту апаруды қажет деп таппаған»: Шахмат олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасы тусыз өнер көрсетіп жатыр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Үндістанның Ченнай қаласында басталған шахмат олимпиадасына Қазақстан құрамасы тусыз қатысып жатыр. Бұл туралы даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарық өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Шахматтың отаны Үндістан биыл алғаш рет олимпиада өткізіп жатыр. Оған әлемнің 186 елі қатысуда, бірақ тек 185 елдің жалауы желбіреп тұр. Сіздер неге 185, қалған бір елдің туы қайда деп сұрайтын шығарсыздар... Қазақстанның шахмат федерациясы бұл жарысқа ту алып келуді қажет деп таппаған немесе ту сатып алуға 20 мың теңгесін қимаған», - деп жазды Л.Таңжарықова.

Оның сөзінше, бұл – кешірілмейтін қателік. Өйткені, ұлттық құраманың ең негізгі атрибуты – мемлекеттік ту. Сондықтан, Федерацияның бұл әрекеті бүтін бір ұлтты сыйламау дейді Асаубаеваның анасы.

Айта кетейік, Қазақстанның шахмат федерациясын басқаратын Дәрмен Сәдуақасовтың туған қарындасы Дианара Сәдуақасова күні кеше аталған олимпиада ойындарына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

Сізге қызықты болады