Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қостанай облысындағы өрт: орманға қасақана от қойылуы мүмкін

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында орманға қасақана от қойылуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі мұны жоққа шығармады. Бірақ жалын абайсызда адами фактордан туындауы ықтимал, деп хабарлайды Qonaev.info тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Юрий Ильиннің айтуынша, өрттің шығуына қатысты бірнеше болжам бар. Тек найзағай ойнап, жай түспегені анық.

Қазір аймақта ахуал күрделі, дегенмен тұрақталып келеді. Елдімекендерге қауіп жоқ. Сақтық үшін тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Тау бөктеріндегі ашық өрт сөндірілді. Енді орманның төменгі бөлігіндегі оттың бетін қайтаруға күш салынып жатыр. Бұған 1400 адам мен 190 техника жұмылған. 7 тікұшақ әуеден қолдау көрсетті.

Айта кетейік, орман алқабы 107 мың гектарға созылып жатыр. Оның 43 мыңын от шарпыған. 

Сізге қызықты болады