Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Денесін құдыққа тастаған»:  Нұр-Сұлтанда танысын балғамен ұрып өлтірген ер адам ұсталды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында танысымен жанжалдасып қалып, оның басынан балғамен ұрғылап, 22 рет жарақат салып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты.  

Қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, қылмыстық оқиға 2021 жылдың қараша айында болған.

К. және М. есімді екі тұрғын алкогольдік ішімдік ішіп отырып, өзара жанжалдасып қалған. К. өзінің досын бірнеше рет балғамен соққылап, ақыр соңында өлтіріп қойған. Содан соң қылмысының ізін жасыру үшін мәйітті құдыққа лақтырып жіберген.

«Сот анықтағандай, М.-ның басынан және бетінен 22-ден астам соққы жасалған, сондай-ақ басқа да дене жарақаты келтірілген. Бұл ретте К. ешқандай көмек көрсетпей, керісінше, қылмысының ізін жасырған», - делінген сот хабарламасында.

К. адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, шілдеде 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол апелляциялық шағым арқылы сот шешімін өзгертуге әрекеттенгенімен, шешім өзгеріссіз қалды.

Сізге қызықты болады