Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыдағы ипподромды тұрғын үй салу үшін сүре ме - қала әкімі жауап берді

Азамат Ахметов
Фото: www.yvision.kz

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы ипподром жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ипподром аумағында құрылыс салу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.   

Ол қаланың Бас жоспарында 2040 жылға дейін «ипподромды пайдалану үшін» учаскенің нысаналы мақсаты бекітілгенін атап өтті.

«Егер жер иелерінің бірі бірдеңе салу жоспарын айтса, бұл солай болады дегенді білдірмейді. Барлығы Бас жоспарға сәйкес заң аясында болады», - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар ипподромның орнына көпқабатты тұрғын үй салуға қарсы болған.

Сізге қызықты болады